Қырғызстан өкілдері шекарадағы бақылауды күшейтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан өкілдері шекарадағы бақылауды күшейтті

01.12.2015
Қырғызстан өкілдері шекарадағы бақылауды күшейтті

«Әлемде терроризмммен байланысты қалыптасқан жағдай бойынша, Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі мемлекеттік шекараны бақылауды күшейтіге бағытталған кешенді шараларды қолға алды»,-делінген хабарламада.  

  
Нақтырақ айтқанда, Қырғызстан әскерилері шекаралас елдердің шекара қызметтерімен байланысты, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жұмыстарын нығайты, деп хабарлайды КирТАГ.

 
Бұған қоса, өткізу бекеттеріндегі шекаралық бақылау шаралары күшейтілді.  

Яғни, мемлекеттік шекара арқылы өтпек болған барлық көліктер тыңғылықты тексеріледі. Сонымен қатар жеке мүліктер де ішінара тексерілуде.  

 
«Бұл ретте құзырлы орган өкілдері шекарада бақылау нығайтылғанымен жеке тұлғаларды тексеру 15 минутқа, жеңіл көлікті тексеру 20 минутқа және жүк көлігін тексеру 30 минутқа ғана созылатындығын хабарлады. Қырғызстанның шекара қызметінің өкілдері елдің шекарасы арқылы өтетін азаматтарға бұл мәселеге түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауға шақырды»,-делінген Мемлекеттік шекара қызметінің хабарламасында.

 

 
 

Хабарламаларға жазылу