Нұрлыбек Ермағамбетов: Жарыстың басты мақсаты – қазақ күресінің дамуына үлес қосу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлыбек Ермағамбетов: Жарыстың басты мақсаты – қазақ күресінің дамуына үлес қосу

30.11.2015
Нұрлыбек Ермағамбетов: Жарыстың басты мақсаты – қазақ күресінің дамуына үлес қосу

3-5 желтоқсан аралығында Тараз қаласындағы «Тараз Арена» сарайында алғаш рет Қазақ күрес федерациясының Кубогы өтеді.

Осыған орай таңғы бағдарламада қонақта болған ҚР Күрес федерациясы Төрешілер комитетінің төрағасы Нұрлыбек Ермағамбетов жарыстың барысына тоқталды.

 «Жоспар бойынша, 3 желтоқсан  палуандардың салмаққа өлшейтін күні. Сондай-ақ, төрешілердің жиналысы өтеді. Ал, 4 күні 16 команда белдеседі. Солардың арасынан іріктеліп алынған 8 команда келесі күні жарыстың финалдық бәсекесінде бақ сынасады».

«Жарыстың басты мақсаты – арнайы клубтар ашып, қазақ күресінің дамуына үлес қосу. Болашақта сайысты дәстүрлі түрде өткізу жоспарда бар. Жүлде қоры – 20 миллион теңге»,-дейді ол.

«Сыннан өтпеген палуанның тәжірибесі өспейді. Сондықтан, жастарды жасөспірім кезінен палуандыққа баулу үшін «Жас барыс» сынды жарыстарды ұйымдастырудамыз. Мұндағы мақсат -  болашақта  тек қазақ күресіне ғана емес, Олимпиадалық жарыстарға резерв дайындау».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу