Қыстың күні аяздан қалай қорғану керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыстың күні аяздан қалай қорғану керек?

17.10.2015
Қыстың күні аяздан қалай қорғану керек?

Әдетте көп адамдар қыста сыртқа шығарда мұрыны мен аузын шарфпен қымтап, орап тастайды. Бұл дұрыс емес. Өйткені, қымталған мұрынның тыныс алуы қиын. Сол себепті адам ауызбен демалуға мәжбүр болады. Өз кезегінде ол суық тигізуі қаупін тудырады болмаса, ангина, бронхит сияқты аурулардың туындауына себепші болады. 

Сондай-ақ кейбір азаматтар мұрны бітіп қалған кезде спрей қолданады. Спрейді далаға шығар алдында қолдануға болмайды. Өйткені, ол мұрындағы қантамырларды тарылтады. Сперйдің жиі қолдану мұрынның қорғаныс функциясын бұзып, ауруға шалдықтырады. 
 
Қыста далаға шығардың алдында ыстық шай ішпеген дұрыс. Өйткені, ыстық шай денедегі қантамырларды кеңейтеді. Ал суыққа шыққан кезде қантамырлар бірден тарылады. Яғни, күрт өзгеріс адам ағзасына кері әсер етеді. Суық күнде  далада көп жүрген кезде, жылы ғимарат тауып жылынып алған жөн. Бұл ағзаңыздың қалыпты жылулықты ұстауға көмектеседі.

Хабарламаларға жазылу