«Жетісу сазы». Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылық кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетісу сазы». Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылық кеші

29.11.2015
 «Жетісу сазы». Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылық кеші

Әбдімомын Желдібаев — қазақтың күйшісі, композиторы. 1934 жылы Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Жамбыл ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын тәмамдап, туып-өскен өңірінде мәдени салаларда қызмет еткен.

Күйшінің атақты күйі «Ерке сылқым»  құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды.

Композитордың «Толғау», «Ерке сылқым», «Боз жігіт», «Жесір сазы», «Ыдырыс», «Аққу», «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар.

Әбдімомын Желдібаевтың «Жетісу сазы» атты шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:10-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу