Қатерлі ісік ауруларының алдын алуға бола ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатерлі ісік ауруларының алдын алуға бола ма?

28.11.2015
Қатерлі ісік ауруларының алдын алуға бола ма?

Бүгінгі таңда ме­ди­ци­на са­ла­сы қарыштап да­мып келеді. Әлемде қаншама ар­найы құрылғылар пайда болып,  адам­зат ба­ла­сы техниканың арқасында күрделі опе­ра­ция жа­са­тып, өмір сүруде. Алай­да, кейбір сырқаттың нақты емі әлі күнге дейін табылған жоқ. Соның бірі — қатерлі ісік.

Қатерлі ісік өмірге аса  қауіпті болғандықтан, «қатерлі» деп аталады. Мамандардың есептеуінше, елімізде жыл сай­ын осы дерт­ке ұшыраған 30 мыңдай адам анықталады.

Ал, дүниежүзінде жыл сай­ын 10 миллион адам қатерлі ісікке шалдығатын көрінеді. Олардың 8 милли­о­ны аталмыш аурудан қаза табады. Әлемде бо­лып жатқан адам өлімі оқиғаларының 13 пай­ы­зы осы қатерлі ісіктің еншісінде.

Қатерлі ісіктің белгілері қандай? дерттің алдын алуға бола ма? Бүгін 11:50-де «Дауа» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу