Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

27.11.2015
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Айна Ермекқызы 1966 жылы туған. Білімі жоғары. Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін филолог, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін әлеуметтік сала бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын жұмысшыдан бастап, кейін мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1994 жылдан Көкшетау қалалық тілдер басқармасында бас маман, Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бас маман, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2005-2008 жылдар аралығында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2008-2011 жылдар аралығында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, одан әрі Аршалы ауданы әкімінің орынбасары болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып қызмет істеді.
 

Хабарламаларға жазылу