Отандық өнертапқыш Төлеухан Ермеков қоқыс өңдейтін зауыттың ерекше жобасын ұсынды. Яғни, түрлі қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдей отырып, жаңа заттарды шығаруға мүмкіндік болмақ.
Жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдық жиналатын болса, оның 250 миллион тоннасы денсаулыққа қауіпті улы заттар.
«Біздің мақсатымыз - қазіргі кездегі қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын қоқыс полигондарын жабу. Яғни, оларды өртеген кезде атмосфераға зиянды газдар тарайды. Бұл ғаламдық жылынуға алып келетін болады», дейді профессор.
Өнертапқыштың тағы бір жобасы - көмір бұрғысы. Ол арқылы кен орнындағы жұмысты толық автоматтандыруға болады. Ғылыми жаңалықтар туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.