ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Астана циркінің бас директоры Ерік Жолжақсынов - «Таңшолпан» студиясында қонақта. Биыл Астана циркінің 10 жылдығы. Атаулы дата 10 желтоқсанда аталып өтпекші.
«Цирк - киномен де, театр саласымен де салыстыруға келмейтін өте қиын өнер. Біз үшін 10 жыл аз да, көп те уақыт емес. Дайындық шаралары қызу жүріп жатыр. Қазір әртістеріміздің 60 пайызы тәжірибе алмасу мақсатында шетелдерде жүр», дейді Ерік Жолжақсынов.
Е.Жолжақсыновтың айтуынша, Астана циркіндегі жан-жануарлар басқа көп елдерде жоқ. Мысалы, арыстанмен әлем бойынша бес елдің циркі ғана жұмыс істейді. Қазақстан - сол бестікте».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.