Бұл туралы Қызылорда облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ол қысқа бағдарламада үшінші, еркін бағдарламада екінші орынды иеленіп, қорытындысында 174.87 балмен күміс жүлдеге ие болды.
Ел абыройын асқақтатып жүрген жерлесіміз осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.
Турнир қорытындысында Қазақстан екінші орынды иеленді. Бірінші орында - Ресей, үшінші орында - АҚШ спортшылары.
Элизабет енді желтоқсан айында Загреб қаласында (Хорватия) өтетін халықаралық турнирге, 20-21 желтоқсанда Қызылордада болатын ҚР чемпионатына және 2016 жылдың ақпан айында Норвегияның Лиллехаммер қаласында болатын қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады.