Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Қазақстан-Павлодар» телеарнасына «Газель» көлігін сыйға тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Қазақстан-Павлодар» телеарнасына «Газель» көлігін сыйға тартты

23.11.2015
Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Қазақстан-Павлодар» телеарнасына «Газель» көлігін сыйға тартты

«Елу жылда – ел жаңа» деген дана сөз бар. Облымысыздың тұрмыс-тіршілігін көрсетіп, жедел ақпарат тарататын арна қызметкерлерінің еңбегі аса маңызды. Телеарнаның негізін қалаушылардың бірі Хамза Тоқпанов, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары арнаны басқарған Мұрат Әбдірахманов, Алма Әжібаев, Гүлбарам Наурызбаеваның қажырлы еңбектерінің арқасында «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы сындарлы жылдардан сүрінбей өтті», - дейді Қанат Бозымбаев.

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалы техникалық жетілдіру жағынан үнемі жетілдірілу үстінде. 2002 жылы жергілікті телестудия цифрлық форматқа көшкен.

2013 жылы телеарна 100 пайыз лентасыз хабар тарату үрдісіне көшті. Жылжымалы телевизиялық спутниктік станция көмегімен тікелей эфир арқылы Елбасының басшылығымен өтетін телекөпірлер, аймақтағы спорттық іс-шаралар эфирге таратылады.

 

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу