Әлемдегі ең ұзын шаш иесі - қытайлық Xie Qiuping (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең ұзын шаш иесі - қытайлық Xie Qiuping (ФОТО)

22.11.2015
Әлемдегі ең ұзын шаш иесі -   қытайлық Xie Qiuping  (ФОТО)

Әлемдегі ең ұзын шаш иесі - қытайлық Xie Qiuping. Оның шашының ұзындығы - 4,8 метр. Бұрымын ең соңғы рет 1973 жылы қиған.

Ал, әлем бойынша ең көп пластикалық ота жасатқан әйел - 53 жастағы америкалық Синди Джексон. Ол өзіне жасалған операциялар санын нақты білмейді. Құжат бойынша пластикалық ота көмегіне 47 рет жүгінген. Денесі мен бетін толықтай 1988 жылы өзгерткен.

Әйелдер арасында тіркелген тағы бір ең қызықты рекорд - чемоданнан шығып жүгіру. Ең жылдам көрсеткіш Нью-Йорк тұрғыны Лесли Типтонға тиесілі.

Ол жабық чемоданнан бар болғаны 7,04 секундта шығып үлгерген. Рекорд 2018 жылдың 31 мамырында  АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тіркелді. 

Хабарламаларға жазылу