Режиссер Мәжит Бегалиннің бала күнінен мазалап келе жатқан бір арманы бар еді. Ол – Шоқан образын сомдау болатын.
Ұлы адамның бейнесін экранда көрсету парыз ғана емес, қазақ халқы үшін зор мақтаныш, үлкен жеңіс еді. Өзіне қойылған осы жауапкершілікті жақсы түсінген Мәжит Бегалин күн демей, түн демей ізденеді.
Оған М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, әкесі де көмекке келді. Режиссер Шоқан образын шығаруға бақандай он жыл уақытын сарп етті.
Бүгін 22:45-те Ұлттық арнадан ерекше құлшыныс пен зор еңбектің арқасында дүниеге келген «Шоқан Уәлиханов» туындысын көріңіз.