1916 жылдың 21 қарашасында таңертең «Титаниктің» егізі «Британик» Эгей теңізіне батып кетті. Сол кездің ең үлкен кемесі саналған «Британик» госпиталь түрінде құрастырылған және Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери шараларға белсене атсалысты. Ол «Уайт Стар Лайн» компаниясының соғыс кезінде суға батқан бес лайнерінің бірі еді.
Госпиталь түрінде құрастырылған «Британик» алғашқыда «Гигантик» жолаушылар лайнері деп аталған. «Титаниктің» орнын басатын су кемесі ретінде шыққан «Британиктің» де мүмкіндіктері мол болды.
Мысалы, оның да су өтпейтін бөлшектер, бірінші санаттағы каюталары болды. Алайда, ол Саутгемптон — Нью-Йорк сызығына жете алмады. Кемені тұрғызудағы негізгі мақсат та осы болатын. Себебі, лайнерді Британ Адмиралдығы бірден реквизициялап, кемені госпитальдық кемеге айналдырды.
«Британик» бортқа бір мезетте 3000-нан астам науқасты қабылдай алатын еді. 1915 жылдың қараша айында кеме флот құрамына еніп, Жерорта теңізіне жіберіледі. Ол жерде бес рейс жасап, Британ империясының жалпы саны 15 000-дай сарбазын алып шығады. 1916 жылдың 21 қарашасында Эгей теңізіндегі немістің минасына дөп келген «Британик» бар-жоғы 55 минуттың ішінде батып кетеді.
Құтқарушылар тобының жақсы дайындығының арқасында палубадағы 1136 жаралы адамның ішінен тек 21 адам ғана қаза табады. 2000 жылы режиссер Брайан Тренчард-Смит «Британик» атты көркем фильм түсірді.