«Сенбілік кездесуде» - Айгүл Қосанова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Айгүл Қосанова

21.11.2015
«Сенбілік кездесуде» - Айгүл Қосанова

Айгүл Қосанова – домбырашы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырада халық әндерін орындау класы бойынша тәмамдаған. Әміре Қашаубаев пен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы республикалық конкурстың І-ші сыйлығының лауреаты.

1999 жылы «Дарын» Мемлекеттік сыйлығын иеленген. Түркия, Израиль, Ақш, Австрия, Германия, Малайзия және әлемнің тағы басқа елдерінде өнер көрсеткен.

Халық арасына әуелден классикалық әнші ретінде танылған Айгүл бүгінде эстрада бағытында да бағын сынап келеді.

Бұл турасында әнші бір сөзінде: «Эстрадаға біржола бет бұрамын деп айта алмаймын. Бала жастан аңсарым болған халық әндерінен қол үзу – өзіңді жоғалту ғой. Алайда, дәстүрлі өнерді эстрадаға түсіріп, нақышына келтіре орындап, көпшілікке жаңа қырынан танытудың еш әбестігі жоқ»,-дейді.

Бүгін әнші 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарында қонақта.

Хабарламаларға жазылу