Қазақстандық әскери теңізшілер Францияда суасты аппараттарын қолдануды үйренді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әскери теңізшілер Францияда суасты аппараттарын қолдануды үйренді

17.11.2015
Қазақстандық әскери теңізшілер Францияда суасты аппараттарын қолдануды үйренді

Екі апта бойы Францияның Тулон қаласында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері автономды және телебасқарылатын суасты аппараттарын қолдану және пайдалану жөніндегі курстан өтті. Суасты аппараттары су түбінің бедері, тұнбаның үстіңгі қабатының құрылымы, су түбіндегі заттар мен бөгеттердің болуы туралы ақпарат жинақтау үшін арналған,деп хабарлайды ҚР ҚМ-нің ресми сайты.

Автономды суасты аппараттарының кейбір түрлері үлкен тереңдікке батады және алаңдық түсірілімдер, суасты объектілерін, мәселен, құбырларды мониторингілеу, суасты миналарды іздестіру және залалсыздандыру үшін пайдаланылады. Қазақстандық әскери теңізшілер суасты аппараттарды өндіру зауытына барды, олардың жүйесі мен білігін зерделеді, одан басқа, теңізде оқу операцияларын, борттық деңгейдегі қызмет көрсетуді жүргізді.

Оқу күндерінің бірінде әскери қызметшілеріміз теңізде мина іздеу бойынша толық операцияға қатысты. Осы суасты аппараттары биылғы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жарақтандырылуына келіп түседі деп күтілуде. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері қару-жарағының толықтырылуы армияның жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал ететінін айта кетейік. Жыл сайын ӘТК-нің арсеналы заманауи техникамен жаңартылып тұрады. Соңғы жаңартылған техниканың бірі Невск кеме құрастыру зауытында өндірілген су жаңа мина-тартқыш кораблі.

Хабарламаларға жазылу