Қазгидромет: Республиканың басым аймақтарында күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Республиканың басым аймақтарында күн суытады

17.11.2015
Қазгидромет: Республиканың басым аймақтарында күн суытады

Қазіргі таңда нағыз қыс мезгіліне тән ауа райы Қазақстанның солтүстік бөлігінде қалыптасып отыр.

Бұл аймақтағы ауа райына атмосфералық ағымдар ықпал етіп, боран тұрып, мол көлемде қар жауды. Сібірлік антициклон болса, 20 градустық аяз алып келді. Мұндай ауа райы жуық арада бұл аймақта өзгере қоймайды.   

Каспий теңізінің оңтүстігінен тағы бір циклон пайда болды және ол республиканың оңтүстік өңірлеріне ығысып барады. Сондықтан, бұл аймақта да жаңбыр жауып, оның соңы қарға ұласуда. Желдің күші секундына 15-25 метрге дейін жетіп, кей жерлерде 0 градус, кейбір аймақтарда -5 градусқа дейін суытады, деп хабарлайды Қазгидромет.  

 

Хабарламаларға жазылу