Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, сырма жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, сырма жүреді

16.11.2015
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, сырма жүреді

16 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын болып, қар жауады, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады.

Ақмола облысында тұман түсіп, бұрқасын жүріп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей аймағында тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасынмен бірге желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде тұман, бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысында бұрқасын болып, 18 м/с жел соғады.

Хабарламаларға жазылу