Қазгидромет: Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады

28.01.2016
Қазгидромет: Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады

Міне, қыстың екінші айы қаңтар да аяқталып қалды, күннің ұзақтығы арта түсті. Дегенмен, қыс әлі бабында десе болады. Осыған қарай, алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аймақтарында атомосфералық ағымдармен байланысты циклонның өтуіне орай қар жауып, бұрқасындатып, жолдағы көрініс 500 метрге дейін қиындайды деген болжам бар.

Оның үстіне желдің күші де 15-20 метрге, кей жерлерде 25-28 метрге жетеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ылғалды қар түсіп, көктайғақ болып, ауа температурасы төмендейді.     

 

Хабарламаларға жазылу