Асқабақ шырынын қалай әзірлейді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқабақ шырынын қалай әзірлейді?

15.11.2015
Асқабақ шырынын қалай әзірлейді?

Асқабақтан неше түрлі тағам әзірлеуге болады. Сондай-ақ, көкөністен дәруменге бай шырын дайындауға болатынын білесіз бе?

Асқабақ шырынын қалай әзірлеуге болады?

Мұндай шырынды әзірлеу үшін қызғылт сары түсті асқабақ қажет.

Асқабақты қабығынан тазалап, шырын жасайтын арнайы құрылғымен әзірлеуге немесе үккіштен өткізіп,  дәкемен шырынын сығып алуға болады. Асқабақ шырынын ұзақ уақыт сақтауға болмайды.

Алайда кей адамдар мұндай шырынды ұната бермейді.

Сондықтан оған алма, алмұрт, апельсин, сәбіз шырынын қосса, дәмі өзгереді. Сондай-ақ, бірнеше тамшы лимон шырыны мен қант немесе бал қосса, жұмсақ әрі дәмді болады.

Асқабақ шырынының пайдасы

Асқабақтың құрамында магний, калий, кальций, кобальт, мырыш, темір және  фтор бар. Сондай-ақ, көкөніс С, В, А, Р, Е және К дәрумендеріне  бай.

Мұның бәрі адам ағзасының саулығы үшін өте қажет. Сондықтан асқабақ шырынын үнемі тұтынған жөн.

Сусынның тағы бір пайдасы – онда аскорбин қышқылы көп. Ол иммунитетті жақсартып, инфекциялық аурулар мен суық тиюдің алдын алады.  

Асқабақтың ағзаға пайдасы:

  • Зат алмасуды реттейді;
  • Қан айналымын жақсартады;
  • Қандағы холестерин мөлшерін азайтады;
  • Ағзаны зиянды заттардан тазартады;
  • Асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады;
  • Іш қатудың алдын алады.

Асқабақ шырыны қан қысымы көтерілгенде, дене ісінгенде, бауыр аурулары, бүйрек және жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларына шалдыққандарға өте пайдалы. 

 

ФОТО: www.liveinternet.ru

Хабарламаларға жазылу