«Бірге таңдаймыз!». Асқабақтан дайындалған ерекше тағам түрін әзірлеу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірге таңдаймыз!». Асқабақтан дайындалған ерекше тағам түрін әзірлеу

24.03.2016
«Бірге таңдаймыз!». Асқабақтан дайындалған ерекше тағам түрін әзірлеу

Асқабақ – қияр, қарбыз, қауын сынды бақша көкөністерінің санатына жатады. Жер шарында бұл көкөністің ондаған түрі бар: оның үш түрі біржылдық, қалған жетеуі көпжылдық. 

Дәл осы асқабақтан қандай тағам әзірлеуге болады? Сіздің дастарханыңызда асқабақтан жасалған тағам бар ма? Бүгін 13:00-де «Бірге таңдаймыз!» хабары  денсаулыққа пайдасы зор көкөністен  дайындалған ерекше тағам түрін әзірлеуді үйретеді.

Бет әрлеуде пайдаланылатын арнайы құралдарды қалай таңдайсыз? Бет терісіне зақым келтірмейтін құралдар қандай? Мұндай құралдарды алмас бұрын неге мән берген жөн?

Балаларға арналған массажды үйренгіңіз келе ме? Ескі киімдерге жаңаша өң беру әдісін білесіз бе? Бүгін 13:00-де Ұлттық арнаны қосыңыз!

Хабарламаларға жазылу