«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери бөлімнің құрылу күнін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери бөлімнің құрылу күнін атап өтті

14.11.2015
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери бөлімнің құрылу күнін атап өтті

Бұл бөлімше жауынгерлік бөлімдердің материалдық базасында құрылды және қазір майдангер жауынгерлердің даңқты дәстүрін жалғастырып, көбейтуде.  КСРО-ның құлдырауынан кейін бірінші командир болып бөлімнің құрылуына және сеніп тапсырылған техника мен қару-жарақтың сақталуына сүбелі үлес қосқан генерал-майор А.Мартынов тағайындалды.  

Семей қаласының №1 әскери қалашығында өткен ғасырдың соңында 71-ші мотоатқыш дивизиясы құрылды. Құрама Карельдік, ал содан кейін 2-ші Беларустық майданға  қатысты. Соңғы майдан құрамында дивизия Торуньдік құрметті атауға ие болды. Осы құрамада Кеңес одағының екі батыры тәрбиеленді. КСРО Қорғаныс министрінің директивасы негізінде 1989 жылы оқу-жаттығу орталығы 30217 әскери бөліміне айналды.

Қазіргі уақытта 30217 әскери бөлімінің командирі полковник Рәшид Османов. Жақын арада бөлімге мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің жас тобы келді. Олардың жайлы сезінуі үшін казармалар жөнделіп, әскери қызметшілердің  тұратын орындары тұрмыста қажетті барлық керек-жарақпен жабдықталды.

Одан басқа, әскери бөлімде жас ұрпақпен, шақырылуға дейінгі жастармен байланыс та орнатылған. Әскери қызметшілер Жауынгерлік даңқ мұражайымен бірлесіп Радиотехника, ақпарат және байланыс колледжінің шәкірттерімен «Жас жауынгер» күнін өткізді. Аталған іс-шара аяқталысымен жастардан дене даярлығы бойынша сынақ қабылданды. 

Хабарламаларға жазылу