Ұлыбритания мен Ресейдің Египетке ұшуға тыйым салуынан кейін Мысыр елі ай сайын 273 млн-нан қағылып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания мен Ресейдің Египетке ұшуға тыйым салуынан кейін Мысыр елі ай сайын 273 млн-нан қағылып отыр

11.11.2015
Ұлыбритания мен Ресейдің Египетке ұшуға тыйым салуынан кейін Мысыр елі ай сайын 273 млн-нан қағылып отыр

Бұл Египетті айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыратты, деді Туризм министрі Хишам Заза.  

Египет қазір тек осы екі елдің ұшуға деген тыйымдарынан ай сайын 273 млн теңгеден қағылатынын айтып отыр.

Бұл туралы Туризм министрі Хишама Зазудың мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, Рейтер агенттігі хабарлады.

Ресейдің және Кеңес Одағының авиация саласындағы ең ірі апат 31-қазан күні болды. Шарм-эль-Шейхтен Санкт-Петербурге бет алған «Когалымавиа» әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Синайда апатқа ұшырады.

Ұшақтағы 217 жолаушы 7 экипаж мүшесімен бірге барлығы мерт болды.

Ресей 6-қараша күні апаттың себеп-салдары аяқталғанша, Египетке ұшатын рейстерді тоқтатты. Ресейлік туристер Египеттен шығарылып жатыр

Хабарламаларға жазылу