Әлемдік күнтізбеде жаңадан пайда болған мейрамның бірі - шопинг күні. Бұл күннің мақсаты - аздаған жеңілдіктер арқылы тауардың сатылымын арттыру. 2013 жылы Қытайда мереке қарсаңында киім сатудан бір күнде 5,8 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда түскен.
«Шопинг» сөзінің мағынасы - уақытты дүкен мен сауда орталықтарында өткізу. Мұндай қызығушылықтың соңы шопоголизм дертіне ұласуы да ғажап емес.
«Шопоголизм» - сатып алуға деген тәуелділік. Яғни, адам өзіне қажетті дүниелердің барлығын бейсаналы түрде сатып ала береді. Мамандар оған түрлі жарнамалар мен бейнероликтердің де ықпалы зор екенін айтады.
Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.