«Qazaqstan» және «Qazsport» арналары УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

08.10.2020
«Qazaqstan» және «Qazsport» арналары УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің қазан айындағы матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 

Қазақстан құрамасы 11 қазан күні Алматыда Албаниямен кездеседі. Ал 15 қазанда Минскіде Беларусь құрамасымен ойнайды. Қыркүйек айындағы ойындарда жерлестеріміз Литвадан басым түсіп, беларустардан 1:2 есебімен ұтылған болатын. 

Қазақстан құрамасы үш ұпаймен С дивизионының төртінші тобында көш бастап келеді. Екінші орында Албания, үшінші орында Беларусь. Төрттікті Литва түйіндеп тұр.

2020/21 УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі қалған ойындар 10/11 және 13/14 қазан, 14/15 және 17/18 қараша күндері өтеді.

«Qazaqstan» телеарнасынан көрсетілетін ойындардың кестесі:

10 қазан - Украина - Германия. Уақыты: 00:35;

11 қазан - Франция - Португалия. Уақыты: 00:35;

13 қазан - Германия - Швейцария. Уақыты: 00:35;

14 қазан - Беларусь - Қазақстан. Уақыты: 00:35;

«QAZSPORT» телеарнасынан көрсетілетін ойындардың кестесі:

10 қазан - Лихтенштейн - Гибралтар. Уақыты: 21:55;

10 қазан - Испания - Швейцария. Уақыты: 00:35;

11 қазан - Қазақстан - Албания. Уақыты: 18:55;

11 қазан - Англия - Бельгия. Уақыты: 21:55;

11 қазан - Ресей -Түркия. Уақыты: 00:40;

13 қазан - Украина - Испания. Уақыты: 00:45;

14 қазан - Хорватия - Франция. Уақыты: 00:55;

УЕФА Ұлттар лигасы футбол Qazaqstan арнасы тікелей эфир

Хабарламаларға жазылу