Беларусь мемлекетінің Көлік және коммуникация министрлігі Египетке бағытталған әуе рейстерін тоқтатпайтын болды. Бұл туралы аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі хабарлаған.
«Беларусь елінің Көлік және коммуникация министрлігі «Белавиа» әуе компанияларының Хургада мен Шарм-эш-Шейхтың демалыс аймақтарына ұшатын рейстерінің қауіпсіздік жұмыстарына тұрақты мониторинг жүргізіп отыр. Бұл ретте министрлік өкілдері ресми мәліметтерді де, ашық ақпарат көздерінің мәліметтерін де бірдей пайдалануда»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.
Қазіргі таңда, аталмыш бағыттарға шектеу қоймау жөнінде шешім қабылданған.
Сонымен қатар, Көлік және коммуникация министрлігінің кеңесі бойынша, әуе қауіпсіздігі күшейтілдідеп хабарлайды korrespondent.net.