Әлемдегі ең арзан қала қатарына Кишинев (Молдавия), Асунсьон (Парагвай), Хараре (Зимбабве), София (Болгария) және тағы басқа қалалар «үміткер» еді.
Алайда, адам басына шаққандағы табыс, негізі азық-түлік пен тұрғын үй бағаларының көрсеткіштері бойынша 2013 жылы Гиннес рекордтар кітабына «әлемдегі ең арзан қала» ретінде Пәкістанның Карачи қаласы енді.
Карачи – үлкен порт әрі өндірістік орталық. Қаладағы тұрғындардың 12 мен 18 миллионның арасында, себебі халықтың нақты саны белгісіз. Жыл сайын бұл елді мекенге елдің басқа аймақтарынан 300 мың адам көшіп келеді. Қалада көптеген теракттар болады, сондықтан мегаполис туристер үшін қауіпті болуы мүмкін.
Бірақ, Карачиге бара қалсаңыз екі жатын бөлмесі бар элиталы пәтерді 1 айға жалға алу 200 долларға шығады. Ең керемет ресторанда сатылатын кофе мен газеттің бағасы – 2 доллар. Ал, Карачидегі бір нанның бағасы «әлемдегі ең қымбат қала» саналатын Токиодағы бағадан 7 есе арзан.