Асық ату ойынын енді смартфон арқылы да ойнауға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асық ату ойынын енді смартфон арқылы да ойнауға болады

06.11.2015
Асық ату ойынын енді смартфон арқылы да ойнауға болады

«Менің ойын үлгімде 1-ден 4 адамға дейін қатыса алады. Ойыншылардың барлығы 1-ден 3 асыққа дейін шығарып бір қатарға қояды.  Ойыншыларда болуы тиіс асықтар санына шектеу жоқ. Ойын басталарда ойыншылар өздерінің сақаларын лақтырады да асықты кімнің бірінші ататыны осы сақалардың қалай түсуіне байланысты болады. Кімнің сақасы бірінші алшысынан түссе, ойынды сол адам бастайды. Асықты атқан кезде оған мүмкіндігінше дәл тигізіп, алысқа ұшырып жіберу керек»,-дейді асық ойынының мобильді үлгісінің авторы Forbes.kz басылымына берген сұхбатында.

Еркебұлан сөзінде мобильді ойындарды жасаған ұнататындығын айтады. «Бұл менің хоббиім және ол болашақта табыс көзіне айналады деген ойдамын. Жалпы қазақтың ұлттық ойындарының бірінің мобильді үлгісін шығарғым келіп жүрген. Сөйтіп, ұлттық ойындарды қарап, қайсысын жасауға болатынын таңдай келе, асық ойынына келіп тоқтадым. Оның себебі мен кішкентайымнан осы ойынды көп ойнадым. Бірақ мықты ойыншымын деп айта алмаймын»,-деп ағынан жарылады  Е.Қазыкенов.  

   

 

 
 

Хабарламаларға жазылу