Катар билігінің басты мақсаты – кез келген дүниені сапалы етіп салу. Ал, олар тұрғызған спорттық нысандар әлі де әлемді таң қалдыруда. 2006 жылы Азия ойындарын өте жоғары дейгейде өткізді. «Aspire Academy» спорт академиясы соңғы технологиямен жабдықталған. Болашақ чемпиондар осы жерден түлеп ұшады.
Футболдан 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатына арналған қалашықтың құрылысы әлі басталған жоқ. Катар билігі жанкүйерлерге жаңаша дүние ұсынбақ. Ал, оған кететін бюджет шамамен 45 миллиард долларды құрайды деп күтілуде.
Лусаил қаласы футболдан 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатының салтанатты ашылуын және финалдық ойынды қабылдайды. Бұл шаһар 2019 жылға қарай шөл далаға салынбақшы. Парсы шығанағының бойында орналасатын қаланың аумағы 35 мың шаршы шақырым. Құрылысқа 20 мың құрылысшы тартылады.
Әлем чемпионатының ойындары аяқталған соң қаланың бірнеше ауданы ақылы болады. Өйткені, мұнда кемелерге арналған орындар, жоғары сападағы қонақүйлер, зообақ, гольф алаңдары және 250 мың адамға арналған тұрғын үй кешені салынады.