Катарда өтетін Әлем чемпионаты стадиондарына толық вакциналанғандар ғана кіре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Катарда өтетін Әлем чемпионаты стадиондарына толық вакциналанғандар ғана кіре алады

22.06.2021

Катарда келесі жылғы Әлем чемпионаты стадиондарына толық вакцина алған адамдар ғана кіре алады. Айта кету керек, футболдан Дүниежүзілік кубок 2022-нің қарашасында 4 апта бойы өтеді. ФИФА-ның мәлімдеуінше, матчтар кезінде стадиондар екпе алған фанаттарға толуы керек.

Катар өз тұрғындары мен резиденттерін қазір Pfizer және Moderna вакциналарымен иммундап жатыр. «Рейтердің» дерегінше, бүгінге дейін 2,8 миллион доза егілген. Бұл – халықтың 51 пайызға жуығына жеткілікті иньекция.

Ел үкіметінің басшысы мәлімдегендей, Катарда чемпионат өтетін стадиондардың көбінің құрылысы аяқталып, үшеуі ғана әлі салынып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу