Іс-шараны «Мәскеу қаласындағы Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы» аймақтық қоғамдық ұйымы «Естелік» коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, әдеби кешті бастау сөзінде Ресейдегі Қазақстан елшілігінің кеңесші-уәкілі Виктор Темірбаев ұлы ақындар туралы Мұхтар Әуезов айтқан сөздерін келтірді.
Сондай-ақ, В. Темірбаев жиналған қауым алдында биылғы Ресейдегі Әдебиет жылы Қазақстан және Ресей арасындағы әдеби байланыстарының анағұрлым кеңейгеніне назар аударды. Және бұл кеш екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы маңызды іс-шараларының біріне айналғанын мәлімдеді.
Әдеби-әуен кешінде М. Лермонтов атындағы қорының өкілі, РФ Жазушылар одағының мүшесі Ирина Ушакова, Қазақстан Республикасының халық әртісі Тілектес Мейрамов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл қатысты.
Е. Біләл осындай әдеби кештердің өлеңсүйер қауым мен шет елдерде тұрып жатқан отандастарымыз үшін аса маңызды екендігін атап өтті.
Т. Мейрамов кешке келген жергілікті көрермендер Абайдың шығармашылығына көрсеткен құрметіне жоғары бағасын беріп, қазақстандық әртістерінің қатысуымен осындай әдеби кештер жие өткізіле беретініне сенім білдірді.