Бүгінде әлемде 795 млн адам тамаққа жарымай отыр. Климаттың өзгеруі ашыққандар қатарының 2080 жылға қарай тағы 600 миллионға өсуіне әкелмек. Бұл туралы БҰҰ-ның тамақтану құқығы мәселесі бойынша арнайы баяндамашысы Хиляль Эльвер хабарлады.
«Жиілеген және одан да қарқынды экстремалдық ауа райы құбылыстары, жаһандық жылыну, теңіз деңгейінің өсуі, су тасқындары мен құрғақшылық азық-түлікпен қамтамасыз ету мен тамақтану құқығын іске асыруға күрделі әсер етуде», - деп мәлімдеді Хиляль Эльвер.
Ол ғасырдың соңына қарай ауаның орташа температурасының 2-4 градусқа жоғарылауы болжамы - ауылшаруашылық үшін үлкен қауіп екенін атап өтті.
Эксперт соңғы уақытта адамзаттың өз-өзін ауыл шаруашылығын жүргізудің өнеркәсіптік әдістерін кеңейту жолымен тамақтандыра алатыны туралы пікір пайда болғанын атап өтті.