«KAZsport» қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KAZsport» қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

02.11.2015
«KAZsport» қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

7 қараша күні Монте-Карлода жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы венесуэлалық Йонфрес Парехомен (17-1-1, 8 КО) кездеседі.

Бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы 7 қарашада сағат 23:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

«Мен соңғы 12 қарсыласымды нокаутпен жеңдім. Порехо 13-шісі болады. Әрине, ол мықты боксшы, алайда ол менімен 12 раундқа шыдай алмайды. Мен оның атағын тартып аламын», - деп келтіреді Жанат Жақияновтың сөзін Boxingscene.

Хабарламаларға жазылу