Түркияның Әділдік пен даму шекті партиясы жексенбі күні өткен Парламент сайлауында басым дауысқа ие болып, сенімді жеңіске жетті. Яғни, сайлаудың қорытындысы билік партиясының пайдасына шешілді.
Естеріңізге сала кетейік, шұғыл парламенттік сайлауды Түркия Президенті Тайип Ердоган 7-шілде күні өткен кезекті сайлау барысында елде коалициялық үкімет құрылмауына байланысты қайта жариялаған болатын. Ол кезде де сайлаушылардың 40,8 пайыз даусын жинаған Әділдік пен даму партиясы жеңіске жетті Алайда, аталмыш ұйым көпшілік даусын жоғалтып, жападан-жалғыз үкімет құра алмайтын болған.
Түркияның қазіргі іс басындағы Премьер-Министрі Ахмет Дәуітоғлы жеңіске жеткен партияның көшбасшысы ретінде үкіметті жасақтауға қажетті мандат алды. Соған қарамастан, ол Конституция бекіткен 45 күннің ішінде үкіметті жасақтап үлгермеді. Коалициялық келіссөздердің нәтижесіз болуына билік пратиясы мен оппозиция өкілдері бір-бірін кінәлады.
54 миллионнан астам сайлаушылар шұғыл Парламент сайлауында 175 мыңнан астам сайлау учаскелерінде дауыс беруге мүмкіндік алды.
Олар Түркия Парламентіне 16 партиядан 550 мүшені таңдау қажет болды. Сайлауға қатысушылардың белсенділіктері әдеттегідей жоғары болды немесе 87 пайызды құрады, деп хабарлайды Риа Новости.