Алдағы бес жылда жасанды ет сатылымға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы бес жылда жасанды ет сатылымға шығады

01.11.2015
Алдағы бес жылда жасанды ет сатылымға шығады

Екі жыл бұрын Марк Пост  ғалымдарға алғаш рет зертханада әзірленген  жасанды еттен бургер жасауды ұсынған. Енді «Етті түтікте жасаған» голландиялық  ғалымдар тобы алдағы бес жыл ішінде өз өнімдері бойынша коммерциялық жобаларын жүзеге асырмақ.

Зерттеушілер «Mosa Meat» деп аталатын компания ашқан. Онда  лаборант және әкімшілік қызметкерлерді қосқанда 25 адам жұмыс істейді. Олар алдағы уақытта гамбургерге арналған дәмді әрі арзан ет жасауды жоспарлауда.

Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Лондонда алғаш рет жасанды еттен бургер жасалған. Оның құны – 215 фунт стерлинг болған.

Жасанды етті Нидердандтағы Маастрихт университетінің зертханасында профессор Марк Пост  жетекшілігімен әзірленген.

«Біздің өнім сатылымға бес жыл ішінде шығады деп сенемін. Алғашқы  бағасының қымбаттығына қарамай,  алдағы уақытта жасанды етке деген сұраныстың жоғары болуына және  мұндай өнімнің көп жасалуына байланысты бағасы арзандайды», - дейді Марк Пост.

Мұндай ет бағаналық жасушадан жасалады. Бұл әдіс негізінен трансплантация үшін қолданылады. Ал, профессор Пост мұны жеуге болатын сиыр етін  жасауға қолданбақ.

Интернет материалдары бойынша әзірленді

Хабарламаларға жазылу