«Қазақстан дауысы» - «Шайқас» кезеңі жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан дауысы» - «Шайқас» кезеңі жалғасуда

01.11.2015
«Қазақстан дауысы» - «Шайқас» кезеңі жалғасуда

Бүгін «Қазақстан дауысы» жобасының үшінші маусымының «Шайқас» кезеңінің екінші күні өтеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жобада өзгеріс көп. Тәлімгерлердің бірі – Медеу Арынбаевтың орнына әнші Рүстем Нұржігіт келді.

Сондай-ақ, биыл «Нартәуекел» атты жаңа кезең қосылған. Бұл кезең қатысушыларға екінші мүмкіндік бермек.

Байқаудың екінші белесі «Шайқас» кезеңін бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу