Қыркүйек айының 20-21 күндері Алматы қаласы Республика сарайында «Азаттықтың алтын бесігі» атты Республикалық ақындар айтысы өткен еді. «Қазақ Хандығының 550 жылдығы» мерекесіне және қала күніне арналған айтысты Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған.
«НұрОтан» партиясының қолдауымен өткен сөз додасында Айбек Қалиев (Арқалық), Еркебұлан Қайназар (Астана), Мейірбек Сұлтанхан (Астана), Мұхтар Ниязов (Қызылорда), Аспанбек Шұғатаев (Кереку), Қалижан Білдәшев (Шымкент), Талант Арғынғали (Алматы), Ринат Зайытов (Алматы), Болатбек Оразбаев (Алматы), секілді 20 ақын бақ сынаған.
Айтысты жүргізушісі ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.
Республикалық ақындар айтысының бүгінгі бірінші бөлігін сағат 13:00-де және жалғасын 17:00-де көре аласыз. Ал, екінші бөлімін ертең 13:00-де тамашалай аласыз.