«Астана» павлодарлық «Ертіс» командасын 1:0 есебімен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» павлодарлық «Ертіс» командасын 1:0 есебімен жеңді

31.10.2015
«Астана» павлодарлық «Ертіс» командасын 1:0 есебімен жеңді

Елордадағы «Астана-Арена» стадионында жергілікті «Астана» клубы павлодарлық «Ертіс» командасын қабылдады.

Тартысқа толы өткен ойын алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Гол авторы «Астана» шабуылшысы – Таңат Нөсербаев.

Осылайша ҚПЛ-дың 31-ші турынан кейін «Астана» 43 ұпай еншілеп, көш бастаса, 25 ұпай жинаған «Ертіс» 5-ші орында келеді.

Хабарламаларға жазылу