Шоқыр Бөлтекұлы туралы қандай тың деректер табылды? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоқыр Бөлтекұлы туралы қандай тың деректер табылды? (ВИДЕО)

29.10.2015
Шоқыр Бөлтекұлы туралы қандай тың деректер табылды? (ВИДЕО)

Қазақ жеріндегі бокс спортының кең өріс алуына ерекше еңбек сіңірген Шоқыр Бөлтекұлы 1944 жылы соғыстан жарақаттанып елге оралды. Шаршы алаңда 223 кездесу өткізіп, оның 199-ында жеңіске жеткен.

50-жылдары 3 рет қатарынан Қазақ КСР-нің чемпионы атанды. Тұңғыш рет спорт шебері атағына қол жеткізді.

Кезінде Бауыржан Момышұлының өзі екі-ақ нағыз қазақ бар. Бірі – мен, бірі – Шоқыр, деген екен. 40-жылдары өз тегін «ұлы» деп жаздырған  тұңғыш қазақ - Шоқыр Бөлтекұлы.

Бүгінде спортшының есімін қайта жаңғырту мақсатында «Шоқыр» республикалық спорттық-танымдық журналы шығады. Қазақ балаларына бокс әліппесін үйреткен тұлға туралы тағы қандай тың деректер табылды?

«Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу