«Shell» ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Shell» ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті

21.10.2015
«Shell» ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті

«Shell» халықаралық биртандық-нидерландылық концерн ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті.

Бұл туралы «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы – «Shell VP and Country Chairman in Kazakhstan» вице-президенті Дунган ван Берген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында айтты.

«Осы уақыт аралығында халықаралық көрмеге 48 мемлекеттің қатысатындығын растағандығы өте жақсы нәтиже. Біз сіздердің жетістіктеріңізге сеніміз», - деді Дунган ван Берген.

Сондай-ақ ол компанияның Астана ЭКСПО көрмесінің бас демеушісі болуға дайын екендігін жеткізді.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов көрме кешенінің құрылысы жөнінде және халықаралық көрменің мән-мақсаты туралы айтып берді.

Бұған қоса ол  ЭКСПО-2017 көрмесіне  48 мемлекет пен 10 халықаралық ұйымның қатысатындығын, әрі көрменің әлемдік деңгейде ерекше қызығушылық тудырып отырғандығын жеткізді.

«Әлемдік танымал әрі компаниялардың бірі Cisco System-пен келісімге отырдық. Көрме ең алдымен жаһандық алаң. Бұл ретте, Shell компаниясының ЭКСПО-2017-нің бас демеушісі болуға ниет білдіргендігі өте маңызды» - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Кездесу барысында екі жақ ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу