Қазақ даласының батыры – Қажымұқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ даласының батыры – Қажымұқан

26.03.2015
Қазақ даласының батыры – Қажымұқан

Қажымұқан – қазақтың мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой палуан. Ол – күрестің бірнеше түрінен Әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы.

Теңдессіз өнерімен Жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің палуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмаған.

Дүниежүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, бозкілемдегі айқастарда осы палуандарды шетінен жығып, бәйге алу – нағыз ерлік еді.

Кәсіби палуандардың көпшілігі Қажымұқанды «ыңғайсыз палуан» деп, оған қарсы шығуға тайсақтап тұрған.

Бүгін 17.00-де «Ұлт мақтанышы» деректі фильмін көріңіз.

Хабарламаларға жазылу