Көпшілікке танымал мультфильмдерді дыбыстаған актерлер (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпшілікке танымал мультфильмдерді дыбыстаған актерлер (ВИДЕО)

20.10.2015
Көпшілікке танымал мультфильмдерді дыбыстаған актерлер (ВИДЕО)

Кішкентай бүлдіршіндерге жол тартатын Керей мен Жәнібек хандар туралы «Қазақ елі» анимациялық мультфильмін «Сақ» киностудиясы түсіруде. Танымды  туындының әсерлі шығуының бірден-бір себебі – оның шебер дыбысталуында.

Мультфильмдегі хандардың балалық шағын «Томпақ» телехикаясы арқылы көпке танылған Рауан Ахметов пен Арман Қасымбеков дыбыстаған. Олар әлі жас болғанымен, дубляж  саласының қыр-сырын жетік меңгерген.

Алина Кукушкинаны көпшілік бүгінде Маша деп атап кеткен. Ол 6 жасынан атақты «Маша мен аю» мультхикаясындағы ерке қыздың әнін айтып, дауысын дыбыстайды.

Көпшілікке танымал мультфильмдерді дыбыстаған актерлер туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу