Ал, түп негізінде ол ежелден келе жатқан спорт түрі саналады, 16 ғасырда пайда болған.
Осы кездің өзінде Шотландияда суы қатып қалған өзендерде тас қуып ойнау кең таралған. Яғни бұл спорт түрі қазіргі таңдағы танымал деген кез-келген спорттан бұрын шыққан.
Алғашқы ресми керлингтің негізі 1716 жылы Шотландияның Килсит қаласында қаланған. Алайда, сол кездің өзінде осы ойын түріне қызығушылар оның тасын қайдан аламыз ?, деген мәселеге кезікті. Ойын үшін бір-біріне соғылғанда сынбайтын, жарылмайтын материал қажет еді.
Бұған тәжірибе ретінде Шотландияның көптеген тау жыныстары қолданылды. Олардың арасында ең мықтысы Эйлса-Крейг вулкан аралынан алынған гранит болды.
Вулкан атқылағанда әбден шынығатын, балқытылған, артынан сумен суытылған гранит бір-біріне соғылғанда бұзылмайтын болған. Міне, алғашында керлингке қажетті құралдарды осы граниттен жасай бастады.
Кейіннен бұл материалды табуда да біраз қиындықтар туындаған және ол қиындықтар әлі де бар. Айталық, қазіргі керлинг спортына қажетті тастардың саны 2020 жылға дейін ғана жететін көрінеді. Сол себепті қазір бүкіл әлем бойынша керлингке қажетті материал іздестірілуде.
Ал, қазіргі керлингтің бір тасы 600 доллар тұрады. Ойынға оның 16 данасы қажет.