Қытай қызы арманын орындау үшін бұрымын 2,5 метрге өсірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай қызы арманын орындау үшін бұрымын 2,5 метрге өсірген

18.10.2015
Қытай қызы арманын орындау үшін бұрымын  2,5 метрге өсірген

Қытайдың 59 жастағы Ги Менг атты тұрғыны 35 жыл бойы шашын қидырмай,  бұрымын 2,5 метрге дейін өсірген. Осылайша оның есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Ги Менгтің айтуынша, оның шашы жылына 6-7 сантиметрге өскен. Жұмыс істеген кезінде бұрымын басына бес рет, беліне үш рет орайды екен.

Ол ең басты байлығы – өзінің шашы екенін айтады. Сондай-ақ, шаш өсіру денсаулыққа пайдалы дейді. Бірақ нақты қандай пайдасы бар екенін айтпаған.

Бұрымын қомақты ақшаға сатып алушылардан да ұсыныс түскен. Мұндай ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартқан.

Алайда қазір Гиннес рекордтар кітабына қытайлық Кси Куипинг енген.  Оның шашының ұзындығы - 5,6 метр.

 

MIGnews.ru.

Хабарламаларға жазылу