Арман Оспанов Жое Эльморді 2-раундта нокаутпен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арман Оспанов Жое Эльморді 2-раундта нокаутпен жеңді

18.10.2015
Арман Оспанов Жое Эльморді 2-раундта нокаутпен жеңді

Турнирге АҚШ пен Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Бразилия мен Камерун, сондай-ақ, қазақ елінің спортшылары қатысты.  Ел намысын «Алаш Прайд» кәсіпқой спорт клубының спортшылары қорғады.

Осы жекпе-жекте Арман Оспанов Расул Мирзоевпен жұдырықтасу керек еді. Бірақ, ол турнирге 5 күн қалғанда жекпе-жекке шықпайтынын мәлімдеген.

Ұйымдастырушылар  Расул Мирзоевтың орнын америкалық Жое Эльмормен алмастырды.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық спортшы Арман Оспанов АҚШ-тан келген қарсыласы Жое Эльморді 2-раундта нокаутпен жеңді.

Хабарламаларға жазылу