Павлодар облысы Успен ауданының кәсіпкері Қуаныш Баймағамбетов жерлестеріне екі жедел жәрдем көлігін сыйға тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысы Успен ауданының кәсіпкері Қуаныш Баймағамбетов жерлестеріне екі жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

17.10.2015
Павлодар облысы Успен ауданының кәсіпкері Қуаныш Баймағамбетов жерлестеріне екі жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

Павлодар облысы Успен ауданының 80 жылдығына орай «БИК» шаруа қожалығының басшысы Қуаныш Баймағамбетов жерлестеріне тосын сый жасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Егін шаруашылығын дөңгелеткен қожалық басшысы аудандық аурухананы жедел жәрдем көліктерімен қамту мәселесін жерлестері бірнеше мәрте көтергенін айтады.

«Жерлестерімнің өтінішін жерге тастай алмадым. Сол себепті ауылдастарыма екі «УАЗ» жедел жәрдем көлігін тарту еттім. Су жаңа темір тұлпарлар заманауи құралдармен жабдықталған. Алдағы уақытта бұл көліктерді Ковалев, Лозов ауылдық округтерінің ауыл әкімдіктерінің иелігіне береміз. Алдағы уақытта Ковалев ауылдық округінде шағын футбол алаң мен балабақша салып беруді жоспарлаудамыз, - дейді Қ. Баймағамбетов.

Айта кетерлігі, астықты өлкенің 80 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтті. Аудан орталығында шағын этноауыл құрылып, облыстық Иса Байзақов атындағы филармониясы өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымадстырылды. Аудан тұрғындарын облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Тито Сыздықов өңір тұрғындарының қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жолдады.

 

Хабарламаларға жазылу