Америкалық спортшы Скотт Уильсон спортшыларға арналған арнайы әмбебап капы ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық спортшы Скотт Уильсон спортшыларға арналған арнайы әмбебап капы ұсынды

17.10.2015
Америкалық спортшы Скотт Уильсон спортшыларға арналған арнайы әмбебап капы ұсынды

Оны кез-келген адам қолдана алады және өздігінен жасай алады.

Скотт Уильсон мен Дэвид Фрейдің пікірінше спортшының тісін тек өз ауыз қуысымен құрылымы бірдей капа ғана қорғай алады. Ішінде тістің дәл көшірмесі болатын Zone капы пластикалық каркасты болып келеді. Бұл құйманы қолданушы өзі жасайды.

Zone екі түрлі қоспа түрінде сатылады - негізгі құрамы және оның катализаторы. Оларды араластыру керек (оның түсі әртүрлі болғандықтан оңай ажырату үшін жақсы бірігуі қажет). Дайын қоспаны капының каркасына құю керек. Бір минуттың ішінде қоспа кеуіп, қолданушы керек қорғанышын ала алады.

Қазіргі таңда Zone капасы 20 АҚШ долларынан сатылуда.

Хабарламаларға жазылу