Сабақтың бір сарынды өтуі - баланы жалықтырып, оқуға деген ынтасын төмендетеді. Сондықтан қазіргі педагогикада жаңа технологиялар мен көрнекі құралдар қолданылады.
Сонымен бірге, ұстаздың баламен ғана емес, ата-анамен де тұрақты байланыс орнатуы – шәкірттің оқу үлгерімінің жақсаруына тікелей ықпал етеді.
Мамандардың айтуынша, үй тапсырмасын орындау алдында баланың көңілі қай сабаққа бірінші ауса, сол сабақтан бастаған жөн. Сонда баланың оқуға ынтасы артады.
Сондай-ақ, ата-ана балаларының өз бетімен ізденуіне көмектесуі қажет. «Сен сабақты жақсы оқуың керек» деп міндеттегенше, баламен тең дәрежеде сөйлесіп, сенім арту – әлдеқайда тиімді.
Баланың оқуға ынтасын арттыру туралы мамандар кеңесін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.