Ауа райы: Қазақстанның басым аумағында жауын жауып, жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Қазақстанның басым аумағында жауын жауып, жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады

16.10.2015
Ауа райы: Қазақстанның басым аумағында жауын жауып, жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуімен кей жерлерде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) жауып, жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады, республиканың орталығы мен шығысында ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, түнде және таңертең Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы, Қарағанды, түнде және күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

16 қазанда Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде жауын-шашынды болып, жаңбырдың соңы сулы қарға ұласады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылылыққа дейін төмендеп, кей жерлерде 3 градусқа  дейін суытады, кей жерлерде 16 градус жылы болады.

Хабарламаларға жазылу