Геннадий Головкин: Алдымызда төрт белбеу үшін болатын маңызды жекпе-жек күтіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин: Алдымызда төрт белбеу үшін болатын маңызды жекпе-жек күтіп тұр

15.10.2015
Геннадий Головкин: Алдымызда төрт белбеу үшін болатын маңызды жекпе-жек күтіп тұр

WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен IBF чемпионы Давид Лемье (34-1, 31 КО) Нью-Йорк (АҚШ) қаласында баспасөз мәслихатын өткізді.

«Madison Square Garden» – менің екінші үйіме айналды. Мұнда бірнеше жекпе-жек те өткізіп үлгердім. Мен бұл жердің тарихын құрметтеймін, ал қазір өзім жаңа тарих жазуға атсалысудамын.

Алдымызда төрт белдеу үшін болатын PPV жекпе-жегі күтіп тұр. Бұл өте маңызды күн болғандықтан толқып тұрмын. Лемье - чемпион. Ол мықты жігіт әрі қауіпті боксшы», - деп келтіреді Г.Головкиннің сөзін BoxingScene.com.

Еске сала кетейік, Головкин-Лемье жекпе-жегі Нью-Йорк қаласындағы «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 18 қазан күні 06:55-те тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу