«Астана Опера» театрында ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова II концерт береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрында ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова II концерт береді

13.10.2015
«Астана Опера» театрында ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова II концерт береді

16 қазанда «Астана Опера» театрының Үлкен залында дүние жүзіне әйгілі пианиношы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірова II «Жібек Жолы» халықаралық фестивалінің аясында концерт береді.

Концерт «Астана Опера» симфониялық оркестрінің қатысуымен өтеді. Дирижерлық тізгінде әлемдегі ең сұранысы жоғары маэстролардың бірі - Дориан Уилсон (АҚШ).

Концертті Тілес Қажығалиевтің «Қыз қуу» симфониялық күйі ашады. Оны А. Дворжактың соңғы тамаша симфониясы — композитордың АҚШ-қа келгеннен кейін осы елдің ұлттық музыкасының негізінде жазылған «Жаңа Әлемінен» №9 симфониясы жалғастырады. Бұл оның ең әйгілі симфониясы.

Жәния Әубәкірова П.И. Чайковский атындағы Мәскеудің мемлекеттік консерваториясын және «фортепиано» класының аспирантурасын (профессор Л. Н. Власенконың класы) тәмамдады.

Маргарет Лонг және Жак Тибо халықаралық конкурсында Бас жүлде және «Француздық композиторлардың заманауи шығармаларын үздік орындағаны үшін» арнайы сыйлықты (Франция, 1983 ж.)және Камералық ансамбльдердің халықаралық конкурсында Бас жүлдені (Франция, 1985 ж.) иеленді.

Хабарламаларға жазылу